Ай мен апталардың мерзімі
Таңды сөгуші, түнді тынығу жəне күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар аса үстем, толық білуші Алланың өлшеуі.
(Əнғам сүресі, 96)
Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да, оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі. Алла бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла білетін ел үшін аяттарын ашық-ашық баян етеді.
(Юныс сүресі, 5)
Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді; Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің жəне жылдардың санын, заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық.
Сондай-ақ əр нəрсені ашық баян еттік.
(Исра сүресі, 12)
Құранда айтылатын хайуандар
Сендер жəне малдарың пайдалану үшін.
(Назиғат сүресі, 33)
Жəне көлік болатын əрі ұсақ малдарды жаратты. Сендерге Алланың ризықтандырған нəрсесінен жеңдер, шайтанның ізіне ермеңдер. Өйткені, ол – сендерге ашық дұшпан.
(Əнғам сүресі, 142)
Тағы малды жаратты: Малдарда сендерді жылытатын жəне басқа пайдалы заттар бар. Əрі олардан жейсіңдер.
(Нахыл сүресі, 5)
Шын мəнінде, сендер үшін малдарда ғибрат бар. Малдың қарнындағы қаны мен жынының арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз.
(Нахыл сүресі, 66)
Адамдардан, құрт-құмырсқа жəне ірі жəндіктерден түрлітүстегілер осындай. Шын мəнінде, құлдарынан ғалымдары Алладан қорқады. Рас, Алла өте үстем, аса жарылқаушы
(Фатыр сүресі, 28)
Көктер мен жердің жаратушысы сендер үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, хайуандар үшін де жұптар жаратушы. Өстіп сендерді өсірді. Еш нəрсе Ол сияқты емес. Ол (Алла) əр нəрсені естуші, толық көруші.
(Шура сүресі, 11)