Жолдан тайғандар жəне екіжүзділер

Жолдан тайғандар жəне екіжүзділер

Ал сондай иман келтіргеннен кейін қарсы болғандар жəне қарсылықтарын арттырғандар, олардың тəубесі əсте қабыл болмайды. Міне, солар – жолдан  адасқандар.

(Əли Имран сүресі, 90)

(Мұхаммед ғ.с.) мұнафықтарға, өздеріне негізінен күйзелтуші азап бар екендігін сүйіншіле.

  (Ниса сүресі, 138)

Саған Кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ, Раббыңның мəрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме! Алланың аяттары саған түсірілгеннен кейін олар сені одан (аяттарға амал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да, əсте серік қатушылардан болма!

(Қасас сүресі, 86-87) Имансыздардың ісі желмен ұшқан күлмен тең

Сондай Раббыларына қарсы келгендердің амалдарының мысалы; Боранды күнде жел ұшырған күл сияқты. Еңбектерінен ешбір пайда көре алмайды. Міне! Осы – ұзақ қаңғырыс.

(Ибраһим сүресі, 18)

Олардың ішінен саған құлақ асқандар да жоқ емес. Ақыры қасыңнан шыққан кезде өздеріне ғылым берілгендерден: «Қазір не айтты?» – деп сұрайды. Міне, бұлар – Алла жүректерін бітеп қойған, əуестеріне ергендер.

(Мұхаммед сүресі, 16)

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *