ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРА АЛМАСАҢ……
— Қарыз алған жақсы ма? – депті қарт.
— Ата, қарыз қайғы әкеледі, — депті жігіт.
— Дұрыс, балам, ақылың болса – қарыз алма.
Есіңде болсын, ханнан қарыз алма – өтей алмасаң басың кетеді.
Байдан қарыз алма – малың кетеді.
Досыңнан қарыз алма – берекең кетеді.
Әйелден қарыз алма – өміріңді келеке етеді.
Қарттан қарыз алма – алғаның көрге бірге кетеді.
Көршіңнен қарыз алма – бала-шағаң жылаумен өтеді.
Қасыңнан қарыз алма – өтей алмасаң үйің кетеді.
Қарыз алсаң — қайтаруын біл.
Қарызды көп алған – қайғырумен күнін өткізеді.
Қарыз – от, өшіре алмайсың, — депті қарт.