Имансыздардың сұрақтарына Құраннан жауаптар

Имансыздардың сұрақтарына Құраннан жауаптар

Тəңір жайындағы сұрақтарына жауап

(Перғауын): «Əлемдердің Раббы дегенің немене?» ,– деді. (Мұса ғ.с.): «Егер анық сенетін болсаңдар, Ол жер-көктің əрі екі арасындағылардың Раббы», – деді.

(Шұғара сүресі, 23-24)

Расында, Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды. Ал мүміндер оның Раббыларынан нақ хақиқат екендігін біледі. Ал енді қарсы болғандар: «Алла бұл мысалменен нені қалайды?» – дейді. Алла ол мысалмен көптегенді адастырып  əрі онымен көптегенді оңғарады. (Мысалдарға қарсы келіп адасқандар да, шындық деп біліп жол  тапқандар да болады негізінде). Ол арқылы бұзықтарды ғана адастырады. Олар (иман келтіріп) серт бергеннен кейін Алланың уəдесін бұзады да, Алланың жалғастырылуын бұйырған нəрсесін (жақындық, бірлікті) бөледі. Сондай-ақ жер жүзінде бұзақылық істейді. Міне, солар – зиянға ұшыраушылар.

(Бақара сүресі, 26-27)

Олар: «Сен бізге шындықты əкелдің бе? Ойнап жүрсің бе?», – деді. «Олай емес. Негізінде, сендердің Раббыларың, көктер мен жердің Раббы; соларды Ол жаратты. Сондай-ақ осыларыңа айғақ болушыларданмын» деді.

(Əнбия сүресі, 55-56)

Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып əрі олар Қияметтен үрейленеді.  Бұл Құран Біз түсірген мүбарак бір насихат. Енді соған да қарсы келесіңдер ме?

(Əнбия сүресі, 49-50)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *