Дінде зорлық жоқ  

Дінде зорлық жоқ  

Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ибраһимнің (ғ.с.) жолы. Алла бұрын да, осы Құранда да пайғамбардың сендерге куə болуы, сендердің де адамдарға куə болуларың үшін «Мұсылман» деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де, Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол, нендей жақсы ие. Нендей жақсы жəрдемші!             

(Хаж сүресі, 78)

Саған Құранды машақат үшін түсірмедік. Бірақ, қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік.

(Taha сүресі, 2-3)

Расында, Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?

(Қамар сүресі,17)

(Мұхаммед ғ.с.) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың (ескертуің) үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.

(Мəриəм сүресі, 97)

Кім Алладан қорықса, оның ісіне оңайлық жасайды.

(Талақ сүресі, 4)

Саған  оңай  болғанды  қолайластырамыз.

(Ағлə сүресі, 8)

Ал енді əлдекім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса, жақсылықты  дұрыс  деп  білсе, сонда  оның  жолын  оңайластырамыз.

(Лəйл сүресі, 5-7)

Негізінен, Алла сендерге жеңілдікті  қалайды. Өйткені, адам баласы əлсіз жаратылған.

 (Ниса сүресі, 28)

Жəне иман келтіріп, ізгі іс істегендер, негізінде, біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Солар – жəннаттық. Олар онда мəңгі қалушылар.

(Ағраф сүресі, 42)

Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымызда шындықты сөйлейтін бір Кітап бар. (Лаухыл-Махфұз не амал дəптері). Олар зұлымдық  көрмейді.

(Муминун сүресі, 62)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *