БАР з а т. Теңіз толқынының тынық күндердегі анда-санда, ұзақ тербелуі. Каспий теңізінің жағасы. Шөп басы қозғалмайтын желсіз, тымық күндері де толқындар анда-санда ұзақ тербеліп қояды. Мұны теңізшілер «б а р» деп атайды. Міне, сол «б а р» теңіз астынан жасырына, ұрлана тепсініп, жағаға ауыр нəрсе салмағымен құлап түскендей гүрс-гүрс етеді (Жұлдыз, 1973, 4, 201).