ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Психология ғылымы басқа ғылымдардан гөрі ғылыми дағдарысқа (кри- зиске) жиі ұшырайды. Неміс пси- хологі Г. Эббингауздың айтуынша:
«Психологияның өткен жолы ұзақ, тарихы қысқа». Эббингауз айтқан- дай, соңғы бір жарым ғасырдың ішінде психология бірнеше ғылыми теориялық дағдарысқа ұшырады. Мұның үлкен бір дағдарысы ХХ ғасырдың 10-20 ж.ж. арасында бол- ды. Бұл дағдарыстың басты себебі оның тәжірибелік фактілерді көп жи- нап, теориялық тұрғыдан әлсіз, әлжуаз болғандығынан туындады. Мәселен, ХХ ғасырдағы әлемге жайылған психологиялық бағыттар: немістің гештальтпсихологиясы, американың мінез-қылық (бихевиоризм), т.б. тео- риялық жағынан белгілі ұстанымға келе алмай кетсе де, тарихта аты мәң- гі өшпейтін бағыт ретінде қалды. Жантану ғылымының басқа да ба- ғыттарында осындай жайттар жиі, дүркін-дүркін кездесіп қалатын.
ҚСРО психологтарының соңғы VII съезінде кеңес психологиясының көрнекті, атышулы өкілдері кеңес психологиясында теориялық жағы- нан да қолданбалық жағынан да дағ- дарыс туындап отыр деді. Біздер, Қа- зақстан психологтарының бір топ өкілдері, осы сөздің куәсі болдық, 2 жылдан кейін ҚСРО құлады. Марк- сизм методологиясы біртіндеп ыды- рай бастады. Енді психологияның экс- перименттік салаларында да дағдарыс орын ала бастады. Психологтар тео- риялық мәселелерге көңіл бөлмей, тек психотерапевтикалық мәселелерге ден қойды. Бұл жағдай ТМД елдерін- де, әсіресе, Ресейде, сондай-ақ оның айнымас досы Қазақстанда да өріс- тей түсті.Осы күйзеліс салдарының бірі бей- нелеу теориясын мойындамауға ке- ліп тірелді. Соның бір жақсы айғағы –- қазіргі кезде материализм мен марк- сизмді «сынауды» желеу еткен кей- біреулер бейнелеу теориясын жоққа шығарып жүр. Мәселен, Н.Д. Линде (Мәскеу) бұл принципті: «Это безбож- ная, бездушная концепция… Теперь же теория отражения… может быть спокойно забыта», – дейді. («Психоло- гия в ВУЗе», 2005, №166 с7119-129).
Мұндай пікірлермен келісу (айнала- дағы дүниелер мен заттар, құбылыс- тардың адам миында, жүйкесінде сәулеленетіні туралы) бұдан 25 ға- сыр бұрын Аристотель де 12 ғасыр бұрын әл-Фараби да айтқан. Кейбір психологсымақтардың бейнелеу тео- риясынан бәлені көргендей қашу себебі осы ілімнің Кеңес заманында Маркс, Энгельс, Лениннің есімдері- мен байланысты түсіндіретіндігі. Әсіресе, дүние жүзі пролетариатының ұлы көсемі В.И. Ленин осы мәселемен ерекше айналысқандықтан, бұл тео- рия лениндік бейнелеу теориясы деп аталатындықтан. Теория дүниетаным туралы ұстанымның алтын діңгегі еді. Қазіргі кезде бұдан басқа да небір теориялық сорақылықтар толып жа- тыр. Бұған себеп болған – нарықтық экономика. Өйткені нарықтық қоғамда өз мәнінде идеология да методология да болмайды. Мұндағы идеология
«байлық пен ақша табу». Қазіргі біздің Қазақстанда да ұлттық идео- логия, методология, ұлттық идея жоқ деушілермен келісуге де болады. Соның бір жақсы айғағы соңғы кез- дері жарық көрген 10 томдық Ұлттық энциклопедияда идеология және ұлт- тық идея ұғымдары берілмеген. Ғылыми энциклопедияның осындай ұс- танымы да дұрыс сияқты. Идеология, методология дегендер феодализм, ка- питализм, социализм қоғамдарына тән құбылыс. Өйткені кез келген қоғам – базис, экономика және кодекс мораль- дан (идеология) тұратыны хақ.
Осыған орай нарықтық қоғамға ен- геннен кейін идеологиясыз, методоло- гиясыз, әсіресе ұлттық идеологиясыз өмір сүрудеміз. Осы қоғамдағы негізгі бағыт-бағдар бірінші – экономика (базис), одан кейін саясат мәселелері. Психологияның методологиялық мәселелері мирас етіп қалған Ресей ғалымдары жиі-жиі методологиялық тұрғыдан сөз қозғады, бірақ олардың ой-пікірлері мен тұжырымдарынан да нақты методологиялық, идеологиялық бағыт-бағдар байқалмайды. Соның бір нақты айғағы – «Вопросы психо- логии» журналының 2011 жылдың
№2 санында жарияланған. «Обсуж- дение методологических проблем психологии» деген теориялық дис- куссия. Сайып келгенде жоғарыда айтқанымыздан да дискуссияның аты дардай болғанымен, одан пәтуалы сөз таба алмайсыз.