ПСИХОЛОГИЯ

ПСИХОЛОГИЯ – жан құбылыста- рының сыртқы және ішкі дүние заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңды- лықтарын зерттейтін ғылым. П. тер- мині гректің екі сөзінен (рsусhе – жан, logos – ілім) алынған, бұл «жан ту- ралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді.

Оның біріншісі, шамамен 2500 жыл- ға созылған, көш басы Аристотель- ден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философия- мен қосақтаса, дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан бастала- ды. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лабо- ратория ұйымдастырып, мұның де- рбес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психологияның да- му тарихы көптеген ғұлама ғалым- дардың, атап айтқанда Герофил, Эра- зестрат, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд, Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т.б. есімдермен тығыз бай- ланысты. (қараңыз. Психология та- рихы). Жан дүниесінің сыры жайлы ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, ма- қал-мәтелдерінде көп кездеседі. Мә- селен, «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жан да өледі», «Жан бар жер- де қаза бар», «Жан – кеудеге қонақ» т.б. осындай түйіндерде жан мен тәннің арақатынасы шындыққа сәй- кес пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан – қазақ ұғымында да жан- жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат беретін рухани құбылыс.

Психикалық құбылыстар бізді қор- шап тұрған айналадағы сыртқы және ішкі заттардың мидағы әр түрлі бей- нелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, қиял, сезім, ерік, қабілет, дағ- ды, икем, бейімділік, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжіри- бемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұ- лардың мәнін әрқайсымыз тез ажы- рататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқы- лы ғана жан-жақты ажыратуға бола- ды. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңды- лықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарас- тырады. Психология ерте замандар- дан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция.

Ерте замандарда пайда болып, ғасыр- лар бойы әр заман ғұламаларының көзқарастарында насихатталып кел- ген түсініктер бойынша, адамда тән- нен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі ба- қи жасайтын жан адамның барлық психикалық, тіршілігінің (ойының, сезімнің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алуы себеп болды. Олар дүниеде табиғат- қа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір күш бар, ал жан бола- тын болса, соның бір көрінісі, мәсе- лен ұйқы кезінде ол денеден уақыт- ша шығып кетеді де, адам оянған кез- де қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдағаң. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың ара- сында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филип- пин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды ешуақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тас- маниялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріле- ді, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лоакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жан- ның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді.

Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердін пайда болуы адамдар- дың өздерінің дене құрылысы жа- йында ғылыми түсінігі жоқ кездер- де, яғни жан мен тәннің толысуын олардың бірімен-бірінің байланысын дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғыну- дың нәтижесі еді. Жан туралы ғылы- ми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Қазіргі кезең- де тіршілік қарекетінің ерекше ны- саны ретінде психиканың дамуы мен функцияларының атқару занды- лықтары туралы ғылым деп те айтады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *