ПСИХОГЕНЕТИКА

ПСИХОГЕНЕТИКА (психо… және грек. geneticos-туылуына, шығу тегі- не жататын) – 1) психикалық және мінез-құлықтық кейбір құбылыстар- дың тұқымқуалаушылық сипатын және олардың генотипке тәуелділігін зерттейтін ғылым саласы. П-ның не- гізін Ф. Гальтон, Н. Жуел-Нильсон жәнет.б. қалады. Психогенетикалық жетістіктср адамның жасы келген са- йын, оның зердесінің жеке ерекше- лігіне генотиптің тигізер ықпалы ай- қындалып, күшейе түсетінін көрсете- ді. Мысалы, адамның миллиондаған жылдар бойы ортаға бейімделу қа- білетінің жетілуі. оның өзгеге және қоғамға деген қатынастары тұлғалық ерекшелігінін қалыптасуы осының айғағы;

2) психологияның генетикамен шек- тес саласы, психологиялық процес- тердің генетикалық негіздерін зерт- тейтін салааралық ғылым. Психоге- нетиканы кейде психология саласына жатқызады. П. адамның жеке тұлға- лық психологиялық ерекшелігінің шығу тегі мен қалыптасуын генотип ортаның ықпалы арқылы қарасты- рады. Ғылымда адамның психикалық қызметінің даму факторлары тура- лы біржақты көзқарас қалыптасқан. Психогенетикадағы көптеген ізденіс- тер жоғары психикалық қызметтің индивидтер арасындагы әртүрлілі- гін зият, ақыл-парасатпен салысты- руға айрықша мән береді. Психоге- нетикадағы тектестік дәрежесі (жал- пы гендер саны) мен ақыл-парасат күйінің көптеген көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс бар екен- дігін тапты. Адамдық, әлеуметтік фак- торлар мен жағдайлар жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктерді генотип- ке бейімдеуге ықпал етеді деген бол- жам күшін жойған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *