Періштелердің Аллаға тағаты (бойсұнуы)
Періштелер: «Сен пəксің! Біздің Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Əрине, Сен толық білуші, өте данасың», – деді. (Алла): «Ей, Адам! Оларға бұлардың аттарын баян ет», – деді. Сонда (Адам ғ.с.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сəтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?», – деді.
(Бақара сүресі, 32-33)
Оның жаратылысын тəмамдап, оған рұхымнан үрлеген (жан салған) сəтте, оған сəжде қылыңдар! (Бас иіңдер!) Сонда періштелер тұтас сəжде қылды. Бірақ, Ібіліс сəжде қылушылармен бірге болу дан бас тартты.
(Хижр сүресі, 29-31)