ПСИХИКАЛЫҚ ЭНЕРГИЯ – психикалық аппарат пен психикалық көріністің негізін өлшеуге лайықты энергия түрі. П.э. туралы алғаш сөз қозғаған З.Фрейд оны либидолық және агрессиялық деп екі түрге бөлді. Либидолық және агрессиялық энер- гия бір-бірімен араласқанда энергия- ның бейтарап күйі қалыптасатынын ескертті. Аналитикалық жұмыстар психикалық энергияның кейде жік- гелмеген бейтарап күйде болатынын, кейде көңіл күй толқуында, елігуін- де өлшенуге лайық энергияның бас- тапқы жіктелмеген күйі кезігетінін айқындады. Адамның ойы, елігуі, бейнесі психикалық энергиямен әр- түрлі дәрежеде байланысты, яғни катексистік күйде болатыны дәлел- денді. Катексисте П.э. бірде құбыл- малы, бірде бейтарап күйде көрі- ніс табады да, көңіл жайын бір ықы- ласқа шоғырландырады не одан ығыстырады. П.э. қызметіне қарай мотивациялық, қозғаушы себепке жарарлық және қолданбалы құрал- дық түрлерге бөлінеді.