ПРОФЕССИОГРАММА – адамға қойылатын талаптар жүйесі. Бұл арқылы қандай да бір кәсіптің егжей- тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға берілген кәсіп саласын жетістіктен меңгеру үшін қажет тұлғаның сапа- сы, ойлау қабілетінің ерекшеліктері, білімі, икемділігі және дағдысы жа- тады. Профессиография – адамның жеке басының қасиетіне, психоло- гиялық қабілетіне, психологиялық- физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптарды зерттеу технологиясы. Адам мен кәсіптің арақатынасын қамтамасыз ететін практикалық ұсы- ныстар мен әдістемелік құралдың ақпараттық, болжамдық, келістіруші- лік қызметін реттеу үшін қолданыла- ды. П. түрлерін зерттеудің тереңдігі мен дәлдігі әлеуметтік сұранысқа байланысты. Профессиография кә- сіптік қызметтің әлеуметтік-психо- логиялық, әлеуметтік-экономикалық, психофизиологиялық, тарихи, техни- калық, құқықтық сияқты жақтарын қамтыды, олардың тиімділігін іс жү- зінде арттыратын міндеттерді ұйым- дастырады.
П. – кәсіптік қызметті жан-жақты зерттейтін әдеттердің, яғни тәжіри- белік мағлұматтарды жинақтайтын (құжаттарды қарастыру, бақылау, сұрастыру, эксперимент, ғұмырна- малық және шығармашылық тәжіри- белер), оларға сараптама жасайтын, тәжірибелік бақылауды сапалық тұрғыдан бағалайтын, статистикалық мәліметтерді іріктейтін, сондай-ақ психологиялық түсіндірменің құры- лымдық-жүйелік және функциялық- құрылымдык талдау тәсілдерінің жиынтығы.