ПРОЕКЦИЯ

ПРОЕКЦИЯ ( лат. рrоjесtiо – алға тастау ) – адам бойындағы жағымсыз қасиеттері мен қылықтарын басқа- ларға телитін қорғаныс тетігі. П. ин- дивидке бейжай елесті сыртқы дү- ниеге біржақты телитін психикалық процестің көрінісі. Психикалық П. – адам мүддесі мен ынтасын біреуді- кіндей салқын, ықылас білдірмей кө- ңіл қобалжуын басатын қабылдау- дың қорғанарлық тетігі.

Бейқам көңілдің мән-жайын әр түр- лі талқылаушылардың бірі австрия- лық ғалым З.Фрейд болды. Фрейдтің ұйғарымы бойынша, балаларға жұрт- тың дүниені сезінуі өздерінікіндей көрінеді де, сыртқы ұқсастықпен өздерін ойланбай-ақ жұбатады. Оң түсінікті теріс күйге ұқсататын төзім- сіз күйді З.Фрейд паранойлық ауру- ға жатқызады. Көңіліне қабылдауды жалғастыратын симбиоздық түрлі күйлердің бірлесе селбесуін ғалым- дар психикалық ерекше көрініс деп тапты. Селбестіру, телу процесінің әр түрлі сау да, ауру да күйі адамдарда кезігетіні анықталды. Бірақ адамның елесті шындықпен салыстырып тек- сере алатын қабілетінде немесе теліте елестету ақиқаттығына деген наным- сенім бір-біріне үйлесе бермейтін сияқты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *