ПРОАКТИВТІК ТЕЖЕЛУ – ұмыту кезінде байқалатын құбылыс, бұрын есте сақтаған материалдың келесісі- не бөгет жасауы. Мұндай құбылыс- тың табиғатын білу психологтар мен педагогтар үшін өте маңызды. Мы- салы, мұндай тежелуді оқушыларда болдырмау үшін сабақ кестелерінде ұқсас пәндердің қатар тұрмауын қа- дағалап, әр жастағы оқушылардың үй тапсырмаларының мөлшері (көле- мі) қатаң сақталынып, оқу әрекетін үнемі түрлендіріп отырулары керек.