ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР-болашақ психологтардың қолданба- лы сипаттағы мақсаты-міндеті тұл- ғалық ерекшелікті анықтауға бағдар- ланған. Кейбір әдістемелерде прак- тикалық жұмыстың орнына эмпи- рикалық зерттеулер деген ұғым қол- данылады. П.ж. болашақ психолог- тарды дайындау бағдарламасына ен- гізіліп, теориялық қалыптасқан бі- лімдерін тәжірибелік тұрғыдан ба- қылаудан өткізуге арналады.
Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау – анализ, синтез, салыс- тыру, зерттеудегі теория мен прак- тиканың байланысы, психологтар- дың дербес тәжірибелері және та- нымдық мүмкіндіктерінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы болып танылады. П.ж. білімді бекітуге және нақтылау- ға себепші болады. Практикалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері қалыптасқан білімдерінің нәтижесіне байланысты. Мысалы, химиядан практикалық жұмыс хи- миялық құбылыстарды түсіндіруге және бақылау біліктілігін дамытуға; заттарды алуға және ажырата білуге себепші болады; мамандарды хи- миялық лабораториядағы жұмыстың қ,арапайым тәсілдерімен таныстыра- ды; заттармен, химиялық ыдыстар- мен жұмыс істеу дағдыларын қалып- тастырады.
Биологиядан практикалық жұмысқа табиғи объектілерді анықтау бойын- ша жүргізілетін жұмыстар, экспери- мент жатады. География сабағы бо- йынша жүргізілетін П.ж. арқылы гео- графиялық және топографиялық кар- талармен жұмыс істей білу, тұрғы- лықты жердің планын құру және т.б. біліктілігі қалыптасады. Психолог- тарды дайындаудың бастапқы са- тысында жоғарыда аталған ғылым салалары сияқты болашақ маманның теориялық білімдерін тәжірибеде іс- ке асырудың жаттықтырушы сипат- тарында болады. Сондай іс-әрекет- тердің күрделілігі біртіндеп өзгере- ді: болашақ мамандар практикалық жұмыстарды көп уақыт жұмсамай орындау дағдыларына көшеді. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін пси- хологтар мақсатқа сәйкес практика- лық жұмыстарды өз бетімен жүргізу- леріне мүмкіндік алады.