ПИАЖЕ ЖАН (1896-1980) – Швейцария психологі. Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы. «Генетикалық эпистемоло- гия» ілімін жасаушы. Женева және Париж университетінің профессоры. Сорбонна (Франция), Гарвард және Чикаго университетінің құрметті про- фессоры. 1929 жылдан Жан-Жак Руссо атындағы институтты басқарады, 1940 жылдан Женева университеті- нің эксперименталды психология ка- федрасы мен психалогиялық лабора- ториясын меңгереді. 1955 ж. «Гене- тикалық эпистемология жөнінде Ха- лықаралық Орталық» құрды. Ол ба- ла интеллектісін зерттеу жайында ғы- лыми мектеп ашты. Ол «Логика жә- не эпистемология» (таным теориясы) жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Пиа- же: «Ойлау дегеніміз – операциялар жүйесі» – дейді. Операция – ішкі қи- мыл-әрекеті, сыртқы заттық әрекет- тің жемісі, ішкі әрекет реалды объек- тілер арқылы іс жүзіне аспайды, об- раз, белгі, символ арқылы жүзеге асады. Операцияның концепциясы негізінде, ол баланың эмоциялық іс- әрекет генезисін, қабылдауының да- муын қарастырады, Пиаженің кон- цепциясы қазіргі кездегі әр түрлі ғы- лымдардың (логика, психология, со- цаология, эпистемология т.б. тәсіл- дерін біріктіру негізінде жол көрсе- теді. Оның еңбектері: «Баланың ой- лауы мен сөйлеуі», «Генетикалық психологияның проблемалары», «Қа- рапайым логиканың құрылымдық генезисі» т б.