ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ – білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейтін жас ерекшелігі психологиясымен тығыз байланысты сала, өйткені білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасы және даралық ерекшелік- терін ескермейінше, дамыту мүмкін емес. П.п. саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әртүрлі та- лаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлқын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. П.п. пе- дагогтар мен оқушылардың арасын- дағы өзара қатынас мәселелерін, пе- дагогтың жеке басына қойылатын та- лаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқу- шылар ұжымындағы өзара қатынас- тармен, олардың психологиялық да- ралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және бала- лардың  психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған бала- лармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргі- зу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдар- мен жұмыс істеудің ерекшеліктері- мен және оларды қалай оқыту мәсе- лелерімен де шұғылданады.

Тәлім-тәрбие психологиясының ке- лесі тармақтары бар: 1) Оқыту психо- логиясы – дидактикалық психоло- гиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселе- лерің бағдарлап оқыту мен балалар- дың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелермен айналысады. 2) Тәр- бие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінін пси- хологиясын зерттеп, оқушылар ұжы- мының, еңбекпен түзету педагоги- касының психологиялық негіздері- не қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа мұғалімдер психоло- гиясы, кемтар балаларды (ересектер- ді де) оқытып тәрбиелеу мәселеле- рін қамтиды. П.п. – балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы бі- лімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата- аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің пси- хологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. П.п. терминін орыс педагогі П.Ф. Капте- рев (1849-1922) енгізді. П.п. қалып- тасуына XIX ғ. ортасындағы сарап- тау психологиясы тікелей ықпал етті П.п. педагогика мен балалар психо- логиясымен, дифференциалдық пси- хологиямен тығыз байланысты. П.п. құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәр- бие психологиясы, оқыту психология- сы, мұғалім психологиясы.Психологиялық-педагогикалық зерт- теу нәтижелері білім беру әдістері- мен мазмұнын құрастыру кезіңде, оқу құралдарын жасауға, диагности- ка құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі – пе- дагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдіс- терінің жиынтығы, педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибе- лік дайындалудың бірлігі де П.п. қа- растыратын мәселелерінің бірі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *