Шайтанның тұзақтары
Іс біткен заман шайтан: «Расында, Алла сендерге шындықты уəде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уəде етіп, опасыздық еттім. Негізінде, сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабыл алдыңдар. Ендеше, мені сөкпеңдер де, өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқара алмаймын. Сондай-ақ сендер де мені құтқара алмайсыңдар. Расында, бұрыннан да мені Аллаға ортақ қосуларыңа қарсы едім», – дейді. Сөз жоқ, залымдарға жан түршігерлік азап бар.
(Ибраһим сүресі, 22)
Расында, оларға деген Ібілістің ойы шынға шығып, бір-ақ топ мүміндерден басқасы, саған ілесті. Негізінде, Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ, ақыретке сенген кісі мен одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың əр нəрсені қорғаушы.
(Сəбə сүресі, 20-21)