ӘСКЕРИ-ӘУЕ КҮШТЕРІ —

ӘСКЕРИ-ӘУЕ КҮШТЕРІ — мемлекеттің Ұлттық Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі. Содан бері әскери авиация жедел қарқынмен дамып, Қарулы Күштердің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Кейбір дамыған елдерде әскери — әуе күштерінің құрамына құрлықаралық баллистикалы ракета, әскери-ғарыштық құралдар да енеді. Алғаш авиациялық техниканың дамуына байланысты пайда болған, сондықтан оны “әскери авиация” деп те атайды.Авиацияның соғыс мақсатына пайдаланылуы 1909/10 жылы басталады. Ол Қарулы Күштердің барлық түрлерімен біріге отырып, соғыс қимылдарын жасайды, дербес шұғыл-стратегиялық міндеттерде атқарады. Әскери — әуе күштері жау шебіне тұтқиылдан бастырмалата шабуыл жасап, ауыр соққылар береді, дұшпан тылындағы маңызды объектілерді күйретіп, оның әскери-экономикалық мүмкіндігін әлсіретеді, әскерлер мен жүктерді тасымалдайды және әуе барлауын жүргізеді. Әскери — әуе күштері құрылымындағы әскери авиация мақсатына қарай тактикалық, стратегиялық, әскери-көліктік авиацияға, ал ұшақтардың міндеттерді орындау сипатына, ұшу тактикасы мен қарулануына қарай бомбалаушы, жойғыш, жойғыш-барлаушы, барлаушы және көмекші (байланыс, санитарлық) авиация түрлеріне бөлінеді. Ол ұйымдық жағынан авиац. бірлестіктерден (стратегиялық және тактикалық авиация), құрамалардан (корпус, дивизия, тағы басқа) және бөлімдерден (полк, эскадрилия тағы басқа) тұрады. Бұлардың құрамына материалдық, техникалық, арнаулы жабдықтау, аэродромдық қызмет бөлімдері мен бөлімшелері енеді. Реактивті ұшақтар, қанатты ракеталар және жаппай қырып-жоятын қарулармен жабдықталған қазіргі заманғы әскери — әуе күштерінің соғыс қимылдарын, жүргізуге, дұшпанға соққы беруге мүмкіндігі мол. 1992 жылы 7 мамырда құрылған Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі бөлігі. Әскери — әуе күштері құрамаларынан тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *