Жындардың имансыздары тозақы
Егер қаласақ еді, əркімді тура жолға салар едік. Бірақ Менен: «Тозақты бүтіндей жындар, адамдармен толтырамын» деген сөз болған. (Бұлар шайтандар мен оларға ерген адамдар).
(Сəжде сүресі, 13)
(Алла Қияметте оларға): «Сендерден бұрыңғы өткен, тозақтағы жын жəне адамдар тобының ішіне кіріңдер», – дейді. Əр топ тозаққа кірген сəтте, өз туысын (алдыңғы жолдасын) қарғайды. Барлығы онда жиналғанда, артқылары алдындағыларына: «Раббымыз! Осылар бізді адастырған. Сондықтан оларға тозақ отынан екі есе азап бер» дейді. (Алла): «Əркімге екі есе азап бар. Бірақ, сендер білмейсіңдер», – дейді.
(Ағраф сүресі, 38)
Рас, тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Жəне олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тəрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне, солар мүлде қаперсіздер.
(Ағраф сүресі, 179)