Хз. Мұхаммедтің Меккеден шығуы

Хз. Мұхаммедтің Меккеден шығуы

Егер сендер пайғамбарға жəрдем етпесеңдер де, оны кəпірлер Меккеден шығарған кезде; үңгірдегі екеудің бірі болған сəтте оған Алла жəрдем еткен. Сол уақытта (Мұхаммед  ғ.с.) жолдасына (Хазірет Əбу бекірге): «Кейіме! Расында, Алла бізбен бірге» дегенде, Алла оған тоқтау салды. Сондай-ақ оны сендер көрмейтін əскерлермен қолдады. Сөйтіп, кəпірлердің сөзін төмендетті. Алланың сөзі жоғары. Алла  өте  үстем, хикмет  иесі.

(Тəубе сүресі, 40)

Хз. Мұхаммед жəне асхабының Mekkeні жаулап алуы

(Мұхаммед ғ.с.) сөзсіз, сені ашық жеңіске ие қылдық. Алла өткен əрі келешектегі күнəңді жарылқау, саған деген нығметін тəмамдау жəне саған тура жол көрсету үшін, тағы саған үстем бір нұсрат берер.

(Фатх, 1-3)

Расында, Алла пайғамбарының түсін хақиқат бойынша тура шығарды. Алла қаласа аман-есен, əлбетте, Месжід Харамға шаштарыңды алдырып, не қысқартып бейбіт кіресіңдер. Алла сендердің білмеген нəрселеріңді білген еді. Сондықтан бұдан өзге бір жақын жеңіс нəсіп етті. 

(Фатх, 27)

(Мұхаммед ғ.с) Алланың жəрдемі жəне жеңіс келген кезде; Адамдардың Алланың дініне топ-тобымен кіргенін көресің. Енді Раббыңды мақтай дəріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен, Алла тəубені өте қабыл етуші.

(Наср, 1-3)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *