Исра жəне Миғраж оқиғасы
Құлын (Мұхаммедті ғ.с.) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла əртүрлі кемшіліктен пəк. Шəксіз, Ол естуші, білуші. (Мұхаммед ғ.с. бір түні Жəбірейіл ғ.с. арқылы Бұраққа мінгізіліп, Месжід Харамнан Месжід Ақсаға апарылып, ол арадан да көкке шығарылып, бір демде адам баласының өлшеулі сезімінен тыс дəрежеге ие болып қайтқан «Миғраж» уақиғасы).
(Исра, 1)