ӘСКЕРИ АУРУХАНА

ӘСКЕРИ АУРУХАНА, госпиталь (латынша hospіtale) — әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арнаулы медициналық көмек көрсетуге және емдеуге арналған әскери-медициналық мекеме. Онда, сондай-ақ, әскери-дәрігерлік тәжірибелер, ғылыми зерттеулер жүргізіледі, әскери-медицина мамандарының білімі жетілдіріледі. Әскери ауруханалардың бейбіт және соғыс уақытында қызметатқаруына қарай тұрақты және уақытша түрлері болады. Тұрақты әскери ауруханалар орталық әскери аурухана, аймақтық әскери аурухана және гарнизондық әскери аурухана болып бөлінеді. Соғыс кезінде флоттық, майдандық және орталық әскери аурухана құрамынан далалық және эвакуациялық әскери ауруханалар жасақталады. Әрбір әскери аурухана жеке әскери бөлім ретінде қызмет етеді. Әскери ауруханалар тарихта өте ертеден белгілі. Б.з.б. құрылған римдік валетудинария әскери аурухананың алғашқы үлгісі болып табылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *