ӘСКЕРИ АНТ

ӘСКЕРИ АНТ — әскери қызметке алынған азаматтың салтанатты түрде қабылдайтын анты.

Әскери ант қабылдау ежелгі замандардан сақталған дәстүр. Оның қазіргі заманғы мағынасы мен рәсімдері мемлекет Қарулы Күштерінің түпкі мақсат-мүддесін, халықпен әскердің тарихи және ұлттық дәстүрлерінің сипатын көрсетеді. Әскери ант қабылдау — маңызды құқықтық және саяси-тәрбиелік шара. Қазақстанның әскери қызметшілерінің әскери антында олардың негізгі әскери міндеттері. Отанымызды қорғау жолындағы борышы көрініс тапқан. Әскери ант мәтінін Қазақстан РеспубликасыПрезидентi, Қазақстан Республика Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылғы тамыздың 25-індегі Жарлығымен бекіткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *