ПАРАБИОЗ (грек.. рara – маңында, төңіреңінде, bios – өмір) – 1) екі не- месе бірнеше организмнің қан, лим- фа тамырларындағы, организмдегі сұйық заттарды жасанды іркілдету арқылы оларда жалпы қан айналы- мын қалыптастыру тәсілі; 2) Тірі ор- ганизмнің тітіркендіргіш әсеріне (ті- тіркенудің күші мен ұзақтығына қарай) қайтаратын сатылы жауаптың әлсіреуі П. кезінде организмнің негіз- гі қасиеттері – қозғыштық, өткізгіш- тік жалпы қозу процесі қайтымды өзгеріске ұшырайды. Парабиоз ұғы- мы мен теориясын Н.Е.Введенский (1901 ж.) ашты. Парабиоз туралы ілім организмдегі қозу, тежелу про- цестерінің генетикалық бірлігін, қоз- ғыштық пен өткізу арасындағы бай- ланысты анықтады.