ПАНТОМИМИКА (грек.рапtomi- mas – еліктеу арқылы дене қимылда- рын қайталау) – көркем бейнелеу, жан- тәннің мәнерлі қозғалысын, дененің үйлесімді қимылын, әдеттің ыңғайлы ымын орындау арқылы жасалатын өнердің жүйесі және оның сахналық түрі. П. алғаш ежелгі Грекия мен Рим театрында қалыптасқан. П. түрлері ел кезуші актерлер (гистриондар), қал- жыңбас күлдіргіштер, жонглерлер ар- қылы музыкалық қолдаумен тарал- ған. П. ХІІ-ХІІІ ғ. комедиялық өнердің тәсілі ретінде қолдау табады. XIX же- ке театр ойынына айналады. Пан- гомиманың музыкамен, әнмен сүйе- мелдеумен орындалатын арнайы түрі Орта және Шығыс Азия елдерінде кең таралған.