ӘСИЯ

ӘСИЯ (Ungernia) — амариллистер тұқымдасына жататын көп жылдық жуашықты өсім- діктер. Қазақстанда, Батыс Тянь-Шаньда, Қаратауда ғана кездесетін 1 түрі — С е в е р ц о в Ә-сы өседі. Биікт. 40 см-дей, ұзынша келген жуан жуашығының сырты қара қабықты келеді. Сүйірленген жапырақсыз сабағының ұшында себет гүл шоғыры орналасады. Жапырақтары таспа тәрізді, ұз.: 20 см, ені 2 см-дей. Гүлдерінің түсі қызылдау, кейде сарғыш қоңырлау болады. Тұқымынан көбейеді. Шілде — тамызда жапырақтары түскеннен кейін гүлдейді. Тамыз айында жеміс береді. Тұқымы — ұсақ, қоңыр түсті қорапша. Оның жуашығынан дәрі, желім алынады. Северцов Ә-сының аз ғана ареалы Ақсу-Жабағылы қорығында сақталып, қорғауға алынған. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *