ПАЙДАКҮНЕМДІК – адамдар арасында кездесетін мінездің қолайсыз бітістерінің бірі. Мұндай кісінің есіл- дерті ақша, қандай жолмен болса да бірді-біріне қосып пайда табу. Бұл, әсіресе нарықтық қатынас кезеңінде кең өріс алып отыр. Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмай- ды. П. адамды ең аяулы сезімдерден – отанға деген сүйіспеншіліктен, от- басындағы ауызбірліктен, ізгілік пен рухани тазалықтан, имандылық пен инабаттылықтан кісіні ада қылады. Оңдай адамның жан дүниесі жұтаң келеді, ішіп-жемей тек мал жиюға құ- мар, сараңдыққа бой ұрып, рухани өмірі жұтаң тартып, қуанышы, сүйіні- ші азаятын болады. «Жаманнан жи- рен, жақсыдан үйрен» дегендей, жас- тар пайдакүнем болмағандары мақұл.