ӨШПЕНДІЛІК – адамның жағым- сыз мінез бітістерінің бірі. Ө. – тап тартысы бар жерде, бір-бірімен көз- қарасы еш уақытта үйлеспейтін кез- де кейбіреулерде кездесетін жиір- кенішті қасиет. Мұндай мінезі бар адамдар көбінде өліспей беріспейді, яғни бірін-бірі өлтіруге дейін бара- ды. Халқымыз өз ұрпағын ғасырлар бойы қайырымдылыкқа, гуманистік- ке, ізгілікке тәрбиелеп келген. Асан қайғы жырау сонау ерте заманның өзінде-ақ: «Ердің құны болса да, алды- ңа келіп қалған соң, қол қусырып бар- ған соң, аса кеш те қоя бер, бұрынғы- ны қуыспа», – деп жастарды бір-бірі- мен өшікпеуге шақырған. Халқымыз да, бір-біріне өшіккен жандарға «Тас- пен ұрғанды аспен ұр» деп ақыл-ке- ңес бергені хақ. Жас өскіннің есінен бұл айтылғандар әркез шықпауы ке- рек. Ө.-басқа адамдарға өшпенділік- пен қатынас жасауға құқықтымын деп, орын алатын негізсіз адамның нұс- қаулы психологиялық күйі.