ӨТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ (1388-1483) – рухани ортаға- сырдағы қазақ ғұлама ғалымы. Оның
«Шипагерлік баян» атты еңбегінде қазақтың ой-пікірлері тұңғыш рет ғылыми тұрғыда төмендегідей пси- хологиялық сөз болғаны байқалады. Көптеген психологиялық ұғымдар («Қуат», «Қабілет, «Ойлау», «Сөйлеу»,
«Мінез» т.б.) туралы психологиялық (сол кездегі ұғым бойынша) мағ- лұматтар мол. Ол өзінен бұрын өмір сүрген түркілік ұлы ғұламалардың әл-Фараби, Әбу әли ибн Синалардың жан туралы түсініктеріне сүйене оты- рып, бүкіл тіршіліктің басқарушысы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарын басқаруға мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармай- ды. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы есті адамдардың негізгі жан қуаттарының қатарына жатқызады. Оның пікірін- ше, ес көрген, естіген нәрсені жадта сақтау үшін аса қажет. Арнайы есте сақтау мақсатында адам тез аңғар- ғыш, байқағыш және есте қалдырғыш болуы тиіс (… тез, шапшаң, жеткілікті аңғарып, ойға қонымды, көңілге то- лымды, өте нанымды, бүге-шегесіне дейін есте сақтау) дейді. Ол адамның қабілет қасиетін дамыту үшін көпте- ген тау-тас, жер-су және мал мен аң- дардың аттарын дәл білу қажеттігіне үлкен мән береді. Еске сақтау қабі- летінің ойдағыдай дамуына себеп болатын қасиеттің бірі – зейінділік. Оның пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз іске аспайды. Аталмыш кі- тапта зейін көбінесе «мәнділік аң- ғарым» деген ұғыммен беріледі.
Тілеуқабылұлы адамның негізгі жан қуаттарының біріне ойлау процесін жатқызады. Ойлау адам сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Сезім мүшелері арқылы алынған мағлұматтарды жинақтап, талдау, саралау арқылы дамып оты- рады. Ғұлама «… затты, іс-әрекетті жан-жағынан қара, қолыңмен ұстап көр, көз өлшеміне сал, одан соң тол- ған», – дейді. Толғаным сараланбаса, ойлау дараланбайды, – дейді. Ойлау сөйлеу әрекетіне байланысты.(«Тол- ғамдық түйін») – екендігін де айтады. Ойдың сөз арқылы бейнеленуінің арқасында адам өзінен бұрынғылар- дың ілім-білімдерін сақтап қала ала- ды, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткі- зеді.
Айтар ойымызды түгел сақтап қалу үшін біз оны шижаламалап (хатқа жазу) сақтай аламыз. Ойды келесі адамға жеткізу үшін оны сарапқа са- лып, әр нәрсеге толғана талдау жасау керек. Айтар ойыңды алдымен өзің түсініп ал. Мұндайда алдамшы се- зімге беріліп үстірт ойлау – үлкен қа- телік. Жақсылап түсіну үшін көзбен көріп, құлақпен естіп, керек болса қолмен ұстай білу шарт. Ғұлама сөй- леудің жазбаша түрінің де бар екенін айтады. Ол сөйлеу арқылы адам бір- бірімен ұғынысып, пікірлесе алатын- дығына ерекше көңіл бөледі. Адам- ның сөзі анық әрі жылы болып ке- луін қалайды («Сөзің сәнді болса, түбі мәнді болмақ», «Жақсы сөйле- мек жанға шырай бермек»). Адам сөйлеген сөзін ойлап, қадағалап оты- руы тиіс. («Қиуасы сөйлемелік сөз – атқылық жебе, не қадала кетпек не далаға кетпек. Ол сөйлемелікке асық- пай терең толғанғылық жасап жай оғындай аңғарылып, наркескідей қылыш ашалап, нақталамалап дәл тү- сіргілік тұжырымдаулықпен өнерлік өресі де, өнері де болғанымен сас- қалақтап не өзін таудай санағылық ойламмен орнын таппастықпен пен- демелік қылмақ-ең үлкен парыз. Осы түйінде ғұлама-ғалымның адамның сөйлеу мәдениетіне қатысты кейбір мәселелерді де баяндаған. Айтатын ойыңды жинақтап, оның мазмұнды болуын қадағалап сөйлеу – ақылды адамның қасиеті. Сөзің мәнді болса түбі – мәнді болмақ, – деу арқылы ав- тор сөйлеу әрекетінің мазмұнды бо- луы мен мәнерлі болуының маңыз- ды екенін айтады. Ғұлама бала сезім мүшелерінің (татым, мүңк, көз т.б.) дұрыс қалыптасуы үшін оларды таза ұстап, оның түрлі сырқаттарын дер кезінде емдеп отырудың қажеттілігі- не назар аударады. Баланың өң мен түсті дұрыс ажырата алуын, жақсы естуі, алыс-жақын дыбыстарды дәл естуін, тәтті мен ащыны айыра білуін ата-аналар мұқият қадағалау қажет, өйткені жан-жақты түйсіне алу кейін- нен заттың сыр-сипатын түсіне білуге жәрдем етеді дейді.Ө. Тілеуқабыл- ұлы жеке адам қасиеттері жөнінде кейбір ойларын айта келіп, жастар- дың ұстамдылықты, аз сөйлеп, көп тындыруды, іскер де ісмер болуды талап етеді.
Ол адамның жақсы мінездерінің қа- тарына батырлықты, батылдықты жатқызады. Ғұлама ғалым ешнәрсеге қызықпайтын енжар адамның еш- кімге шапағаты болмайды, ол да бір мал да бір деп, олардың адресіне қат- ты сын айтады. Адам өмірге келген соң, белсенді өмір сүруге, сегіз қыр- лы бір сырлы болуға тиіс деген тұ- жырым аталмыш еңбектің өн бойы- нан аз кездеспейді. Дала ғалымы, ши- пагер Ө. Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі бес жарым ғасырдан кейін өз елмен қауышты. Оның еңбегімен қазақ, қытай т.б. шет елдер ғалымдары да танысып, оң ба- ғаларын берген. Бұл жайт күні кеше- ге дейін белгісіз болып келген қазақ ғалымының әлемдік деңгейдегі ор- нын анықтауға жол ашты. Қазақтың халық шипагерлерінің сонау ХV ға- сырда Қазақ хандығы туын тіккен кезінен бастап-ақ ілім-ғылым негізі қаланғанын шипагер Ө. Тілеуқабыл- ұлының «Шипагерлік баян» атты ме- дициналық энциклопедиялық еңбегі айқындап берді.
«Шипагерлік баянның» ең соңғы ал- тыншы көшірмесінің қытайдағы мә- дени төңкеріс кезінде өртенуден қал- ған мың беттен аса қолжазбасын ал- ғаш баспаға дайындап шығаруға бас- шылық еткен Шыңжаң ғылым-тех- ника денсаулық сақтау баспасы бас директорының орынбасары, ғалым, жазушы Хакім Әкімжанұлы. Ғұлама- ның өз еңбегінде адам жанының нә- зік білгірі, ойлау, сөйлеу, дара тұлға- ның қасиеттері туралы сындарлы пі- кірлері психологиялық ерекшелік- терін жалаң ұғымдармен түсіндірмей, сол заманның дәрігерлік ілімі тұр- ғысынан сабақтастыра сыр шертке- ні, оның ілім-білімінің осы саласы- на орай айтқандары мірдің оғындай боп тыңдаушысын өзіне баурап ала- ры хақ.