ӨТЕМІСҰЛЫ  МАХАМБЕТ

ӨТЕМІСҰЛЫ  МАХАМБЕТ (1804–1846). ХІХ ғасырдың 30-40-жылда- рында Қазақстанның батыс аймақта- рын мекендеген халықтар өмірінде ерекше із қалдырған тарихи оқиға- лардың бірі – Исатай-Махамбет бас- таған шаруалар көтерілісі болды. Хандық, байлық езгіге қарсы шыққан халықтың осы азаттық қозғалысын барынша шындықпен жырлаған ақындардың бірі – Махамбет Өтеміс- ұлы (1804–1846) еді. Ол езілген ха- лықтың жоғын жоқтап, ар-намысын қорғады. Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар қозғалысының көрнекті басшыларының бірі ретінде тарихта аты қалған, туған халқына шын беріл- ген, сол үшін шыбын жанын пида еткен асыл ер, ардагер, азамат ақын өз кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық, білімді адамы болды. Орыстың белгілі қоғам қайраткері, саяхатшы-жазушы Е.П.Ковалевский (1811–1869) Махам- бет орысша тіл білетін, халқын жа- нындай сүйетін, аса сезімтал, бірбет- кей, қара қылды қақ жаратын әділ, на- ғыз патриот, еңбекші бұқараға көсем бола алатын батыр, сергек көңілді кісі еді деп кезінде тебіренген болатын. Махамбет шығармашылығын көпте- ген әдебиетші, тарихшы ғалымдары- мыз зерттеді. Құнды еңбектер жазды. Дегенмен, Махамбет шығармаларын философия, этика, педагогика және психология ғылымдары тұрғысынан зерттеудің қажет ететіндігі де талас тудырмаса керек. Кеңес психологы Б.М.Тепловтың айтуынша, әдеби мұ- ралар психология үшін ешуақытта мәні үдемесе кемімейтін бірден-бір қажетті материал болып табылады. Олай болса, Махамбет өлеңдерінің педагогикалық, психологиялық жа- ғын көрсету арқылы біз халқымыз- дың өткен дәуірдегі озық ой-пікірле- рімен танысуға мүмкіндік алып, олар- дың терең ойлы пікірлерін қазіргі күн талабынан таразыға салып, тәрбие процесінде кәдеге асыратын боламыз. Ата жауымен ақтық демі біткенше күресе білу, осы жолдағы ерлік, ба- тылдық, төзімділік, жастарды Отанға, ата мекенді қастерлеу, әскери-пат- риоттық тәрбие мәселелері – Махам- бет толғауының да, ондағы тәлім- тәрбиелік идеялардың да ең өзекті желісі болып табылады. Жауынгер- ақын күрестің жолы ауыр, оның қиын- дығы көп, ауырлығы өлшеусіз дей оты- ра, жастарға, сары уайымға салынып, босқа дәрменсіз болма, әлсіздікке жол берме, мақсатыңа сенімді бол деп, ел- ге қорған бола алатын ер-азаматтар- дың психологиялық қасиеттерін сом- дап көрсеткісі келеді.

Ер жігіт кеудеде жаны, бойда қуаты, баста ойы тұрғанда торығу, мұқалу дегенді білмей, қайғы-қасіретке бойын билетпеуі тиіс. Ал ерлік іс тек жігерлі, қажыр-қайраты мол адамның ғана қо- лынан келеді, адамның кісілігі, жақ- сы-жаман қасиеттері қиын-қыстау сәт- терде («Ермін деген жігітті, кеңшілік- те сынама») ғана жақсы байқалады.

Махамбет көтерілісі барысында хал- қы үшін қалтқысыз қимылдайтын ер жүрек, батыр адамдармен қатар, тек өз басының қамын ойлап, жолдастық қасиеттен жұрдай адамдардың пси- хологиясын алдыңғысына қарама- қарсы қойып, бұлардың біріншісін жұртқа үлгі етсе, кейінгілерінен ха- лықты жирендіреді.

Жақсыменен дос болсаң, Айырылмас күні қос болсаң, Басыңа қиын іс түс- се, Алдыңнан шығар електеп, Жаны- ңа не керек деп… Жаманменен дос болсаң, Айырылмас күні қос болсаң, Басыңа қиын іс түссе, Басқа кетер- бөлек деп, Қолдан берер есеп деп, Сыртынан жүрер өсектеп.

Жеңістің кілті ұйымшылдық пен бір- лікте, соңғы екеуі адамдар арасын- дағы шынайы достық пен жолдас- тықтан туындайды. Жақсы дос сенің намысыңды қорғайды, қолынан кел- ген жәрдемін аямайды, қиын сәттер- де қол ұшын беріп, сен үшін жанын пида етуге әзір тұрады, жақсы дос – жанашыр, қамқоршы. Ақын осылайша нағыз достықтың белгісі қандай еке- нін ашып көрсетіп, достың да досы бар екендігін айтып, жас жеткіншектерге жолдастық пен достықты ерек- ше қастерлейтін адамдардан үлгі алу қажеттігін айтады.

Жұрт алдындағы борышын түсінген адам ешуақытта да антын бұзбайды.

«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» де- гендей, ол ылғи да сертінен шығады. Антын бұзған адамға сенуге болмай- ды. Жолдасын жауға қалдыратын да осылар. Серттен таю, ар-ұятын сату- мен парапар деп түйеді өз ойын Ма- хамбет.

Ер жігіттің психологиясындағы ен- дігі бір жақсы қасиет оның жауға де- ген өшпенділігі мен жек көрушілігі. Осындай адам жауды көрсе қыран бүркіттей шүйлігіп, оны жапыра ша- буды ойлай бастайды. Ақын бұл жер- де жастарға жауыңа мейірімсіз бол, оны аяушы болма, «жауды аяған жа- ралы болады», – деп ескертеді.

Махамбет өз өлеңдерінде ер жігітке тән моральдық-психологиялық сипат- тарды тізбектей келіп, сөз соңында азамат ердің баласы қандай болу ке- рек деген сұраққа былайша жауап бе- реді:

Азамат ердің баласы, Аз ұйықтар да көп жортар. Арманы бар ма жігіттің. Жау тоқтатып айқаста, Құрбан болса ел үшін, – деп адамгершілікке сы- йымды барлық қасиеттерді бойына дарытқан, жеке бастың мүддесін ха- лық тілегіне бағындыра алған адам- ды нағыз азамат ердің баласы деп айтуға болады, дейді ақын. Сондай-ақ: Ақ жұмыртқа, сары уыз, Әлпештеп қолда өсірген, Туған ұлдан не пайда, Қолына найза алмаса, Әке жолын қу- маса, деген жолдарда ақын жас жет- кіншектерге жасыңнан шынығып, ел, халқыңды қадір тұт, атқа ерте мін, сонда ғана мақсатыңа жетесің, ата-ананың ақ сүтін ақтайсың, деп әрбір жұрт алдындағы борышын тәптіш- теп түсіндіреді.

Жауынгер ақынның кез келген шы- ғармасы, жас жеткіншектерді жақсы қасиеттерге баулып, жаман әдеттер- ден жирендіруге негізделген.

Жастар – кімдерді үлгі тұтуы, кім- дерден ақыл-кеңес тәрбие алуы қа- жет, олар қайткенде саналы азамат болып шығады дейтін сұрақтар да Махамбетті көп толғантқан. Ақын бұл жерде жастарға ең алдымен елдің да- на қарияларын үлгі етеді: Кәрісі кім- нің жоқ болса, Жасы болар дуана, дей- ді ол. Қарт адамдар көпті көрген, олар- дың өмірден алған тәжірибесі мол. Бұлардың аталық сөздерінің, ойлы пікірлерінің, нақыл өсиеттерінің тәр- биелік мәні зор. Ондай сөздер жас- тардың бойында көңілге қонымды психологиялық қасиеттердің қалып- тасуына себепкер болады, адасқан адамды тура жолға түсіруге жәрдем- деседі.

Жас жеткіншектерді патриоттық рухта тәрбиелеуде, оларды халқына адал қызмет етуге баулуда Махамбет өлеңдері басты ерекшелік олардың ерлікті дәріптейтін шығармаларға өте әуес келетіндігі. Өйткені мұндай шығармаларда адамға ерік-жігер, күш-қайрат беретін өнегелі сөздер көп болады. Бала мұндағы жігерлі адамдарды өздеріне мұрат тұтып, еліктейді. Тіпті, осындай патриоттық сарында жазылған шығармалар бала түгіл ересек адамға да ерекше әсер етеді.

Басқыншы жаудан елін, жұртын жан аямай қорғап, халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін өмірінің соңғы минутына дейін күрескен жігітте арман жоқ. Себебі, ондай адамды елі, халқы, Отаны еш уақытта да ұмыт- пайды, есінде сақтайды, деп түйеді ақын өз ойын.

Сонымен ақынның қай өлеңін алсақ та онда жырланатын үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиелік аталы сөздердің түп- тамыры бір. Халқыңды сүй, көппен бірге жүрсең қор болмайсың, бәрі- нен де жұрт мүддесін жоғары ұста, халық үшін аянбай еңбек ет, дейді Махамбет жастарға. Осылайша те- бірене жырлаған ақын өсиеттері өз оқырмандарын тез баурайды, өйткені бұларда қазақтың қалың бұқарасы- ның бір кездегі бар арман-тілегі, ой- сезімі, мұң-зары сомдана жинақтал- ған. Махамбет өлеңдері, әсіресе, жас- тарды уылжыған жас кезінен қанатын қатайтып, буынын бекітіп, оларды белсенді әрекетке ұмтылдыруда, ерлік істерге баулуда таптырмайтын асыл мұра.

Профессор М. Ғабдуллин кезінде мы- надай байсалды пікір айтқан еді: «Бү- гінгі совет жастарын патриоттық рух- та тәрбиелеуде ақын-жыраулардын, өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екендігі хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер, бүгінгі жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет. Ел-жұрты- ңа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағына- лы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлар- дың ішінен жастарымызды тәрбие- леуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, бұл нұр үстіне нұр болар еді». Осы тұрғыдан қарағанда, Махамбет өлеңдерін оқу- тәрбие ісінде ретімен пайдаланып отыру – әрбір тәрбиеші ұстаздың бас- ты парыздарының бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *