Хз. Юсыпты керуеннің тауып алуы
(Үш күннен кейін Мəдияннан Мысырға бара жатқан керуен адасып, құдыққа жақын түседі). Бір жүргінші келіп, дереу сушыларын жіберді. Ол қауғасын салып: «Ой, сүйінші! Міне, бір еркек бала», – деді. Олар оны сауда малы етіп, жасырып қойды. Алла олардың не істегендерін толық біледі. Олар оны кем бағаға бірнеше теңгеге сатып жіберді. Өйткені, олар Юсыпқа ынтық емес еді.
(Юсып сүресі, 19-20)