Хз. Юсып қиссасы
Расында, Біз мұны арабша Құран түрінде түсірдік, əрине, түсінерсіңдер. (Мұхаммед ғ.с.) саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде, сен бұдан бұрын, əрине, хабарсыз едің. Сол уақытта Юсып (ғ.с.) əкесіне: «Əкетайым! Рас, мен түсімде он бір жұлдыз жəне күн мен айды, маған сəжде қылғанын көрдім», – деді. (Яғқұп ғ.с.): «Ей, балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында, шайтан адам баласына ашық дұшпан», – деді. «Міне, осылайша, Раббың сені ұнатады. Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрыңғы аталарың Ибраһим, Ысхақтарға (ғ.с.) нығметтерін тəмамдағанындай, саған жəне Яғқұп (ғ.с.) ұрпағына нығметін толықтастырады. Шəксіз, Раббың толық білуші, хикмет иесі». Расында, Юсып туыстарының қиссасында сұраушылар үшін өнегелер бар.
(Юсып сүресі, 2-7)