Періштелердің Лұтты зиярат етуі
Елшілеріміз (жас жігіттер бейнесінде) Лұтқа (ғ.с.) келгенде (елінің сұмдығын ойлап), олардың келуімен қынжылды да, олардың салдарынан көңлі тарайып: «Бұл ауыр бір күн», – деді.
(Һуд сүресі, 77)
Елшілер Лұт семьясына келгенде, Лұт (ғ.с.) оларға: «Сөзсіз, сендер бөгде кісілерсіңдер», – деді. (Елшілер): «Жоқ, біз олардың күмəнданған азабын алып келдік», – деді. «Біз саған нақты шын дықты келтірдік. Əрине, шын айтамыз». «Дереу кештің бір бөлімін де түн қатып үй-ішіңді алып жөнел. Өзің олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер». (Лұт ғ.с.-ға): «Күдіксіз, олардың соңы таңменен жоғалады» деген бұйрықты білдірдік.
(Хижр сүресі, 61-66)