Періштелердің Ибраһим пайғамбарға зияраты мен сүйіншілері
Расында, елшілеріміз (періштелер) Ибраһимға (ғ.с.) қош хабармен сəлем берді. Ибраһим (ғ.с.) олардың сəлемін алып сонда дереу пысырылған бұзау келтірді. (Ибраһим ғ.с.) олардың қолдарын тигізбегенін көріп, оларды жатырқады да, олардан тіксінді. Олар:
«Қорықпа! Расында, біз Лұт қауымына жіберілдік», – деді.
(Һуд сүресі, 69-70)
Оларға Ибраһимнің (ғ.с.) қонақтарының да жайын айт. Сол уақытта періштелер, Ибраһимнің (ғ.с.) жанына кіріп: «Сəлем» дегенде, Ибраһим (ғ.с.): «Біз сендерден қорқамыз», – деді. (Періштелер):
«Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлмен сүйіншілейміз», – деді.
(Хижр сүресі, 51-53)
(Мұхаммед ғ.с.) саған Ибраһимнің (ғ.с.) ардақты қонақтарының (періштелердің) əңгімесі келді ме? Олар Ибраһимге (ғ.с.) кіргенде: «Сəлем» десті. Ибраһим (ғ.с.) да оларға: «Сəлем, бөгде қауым»,– ддеді. Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау əкелді. Оны оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» – ддеді. Олардан тіксініп, қорықты. Олар: «Қорықпа!» – деді де, оны білімді бір ұлмен қуантты. Сонда Ибраһимнің (ғ.с.) жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да:
«Баладан қалған бір кемпірмін», – деді.
(Зəриəт сүресі, 24-29)
Ибраһимнің (ғ.с.) түрегеп тұрған əйелі күліп жіберді. Сонда оны Ысхақ жəне артынан Яғқұппен қуандырдық. (Ибраһимнің жұбайы): «Əттең-ай! Мен кемпір мына ерім шал, мен туамын ба? Бұл əрине таңғажайып нəрсе!» – деді.
(Һуд сүресі, 71-72)
(Періштелер оған): «Сен Алланың əміріне таңқаласың ба? Алланың мəрхаматы мен молшылығы сендерге болсын (ей, Ибраһим отбасы). Шынында, Алла мақтауға лайық, аса жоғары».
(Һуд сүресі, 73)
(Ибраһим ғ.с.): «Маған кəрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен сүйіншілейсіңдер?» – ддеді. (Періштелер): «Біз сені бір шындықпен сүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!» – ддеді. (Ибраһим ғ.с.): «Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді?», – деді.
(Хижр сүресі, 54-56)
Оны пайғамбарлардың ізгілерінен-Ысхақпен сүйіншіледік. Өзіне де Ысхаққа (ғ.с.) да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да, өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар.
(Саффат сүресі, 112-113)