Хз. Лұттың пайғамбар болуы
Сонда Лұт (ғ.с) оған иман келтірді. (Ибраһим ғ.с.): «Шын мəнінде, мен Раббым жаққа жөнелемін. Күдіксіз, Ол үстем, хикмет иесі», – деді.
(Ғанкəбут сүресі, 26)
Лұтқа (ғ.с.) хикмет, ғылым бердік. Жаман істер істейтін кенттен (елден, ауылдан) құтқардық. Рас, олар жаман бұзық ел еді. Оны рахметімізге бөледік. Рас, ол жақсылардан еді.
(Əнбия сүресі, 74-75)
Жəне Исмайыл, Əлясағ, Юныс əрі Лұт, барлығын əлемге ардақты қылдық.
(Əнғам сүресі, 86)