Хз. Ибраһимнің ахлағы мен таңдаулы тұлғалығы

Хз. Ибраһимнің ахлағы мен таңдаулы тұлғалығы

(Мұхаммед ғ.с.) оларға Ибраһимнің (ғ.с.) қиссасын  баян ет.

(Шұғара сүресі, 69)

Ибраһим (ғ.с.) яһуди де, христиан да емес еді, нағыз мұсылман еді. Ортақ қосушылардан емес еді.

   (Əли Имран сүресі, 67)

Шынында, Ибраһим (ғ.с.) нағыз Аллаға бойсұнушы, хаққа бейім бір басшы еді. Алланың нығметтеріне шүкір етуші еді. Алла оны таңдап, тура жолға салды.

(Нахыл сүресі, 120-121)

 Күдіксіз, Ибраһим (ғ.с.) де Нұхтың (ғ.с.) даңғыл жолында.

Өйткені, Ибраһим (ғ.с.) Раббына ынталы жүрекпен  келген  еді.

(Саффат сүресі, 83-84)

(Мұхаммед ғ.с.) Кітаптағы Ибраһимды (ғ.с.) есіңе ал. Негізінде, ол турашыл  пайғамбар  еді.

(Мəриəм сүресі, 41)

Ибраһимнің (ғ.с.) əкесі үшін жарылқау тілеуі, оған берген бір уəде бойынша ғана еді. Өзіне оның (əкесінің) Алланың дұшпаны екені білінген кезде, одан безді. Расында, Ибраһим қажырлы əрі жұмсақ мінезді еді.

(Тəубе сүресі, 114)

 

Шынында, Ибраһим (ғ.с.) анық жұмсақ, тым қамқор, бой  ұсынушы. 

(Һуд сүресі, 75)

Кейінгі нəсілдерде оған (жақсы даңқ) қалдырдық. Ибраһим (ғ.с)ға сəлем. Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.

Өйткені  ол  сенген  құлдарымыздан  еді.

(Саффат сүресі, 108-111)

Кім діни тұрғыдан жақсылық істеуші болып, жүзін Аллаға тапсырып, нағыз Ибраһимнің (ғ.с.) дініне  ерген кісіден жақсы бола алады? Алла Ибраһимді (ғ.с.) дос тұтқан.

 (Ниса сүресі, 125)

Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ибраһимнің (ғ.с.) жолынан бет бұрады? Расында, оны дүниеде таңдадық əрі күдіксіз, ол ақыретте де игілерден болады.

Рас, бұрын Ибраһим (ғ.с.)-ға да туралық  берген едік.

(Əнбия сүресі, 51)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *