Сəмуд қауымының жойылуы
Сонда олар жолдастарын шақырды да, сонда ол қылышын алып түйені өлтірді. Сонда азабым, ескертуім қалай екен? Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те, олар шарбақ қораның ұнатылған қу жапырағындай болды.
(Қамар сүресі, 29-31)
Ал əміріміз келген кезде, мəрхаматымызбен Салих (ғ.с.) жəне онымен бірге иман келтіргендерді құтқардық. Сондай-ақ сол күннің қорлығынан да (құтқардық). Күдіксіз, Раббың (Ол) өте күшті, аса үстем. Зұлымдық істегендерді ащы дауыс алып, олар өз жұртында, тіпті онда бұрын тұрмағандарындай, типыл болды. Естеріңде болсын! Шынында, Сəмуд елі Раббыларына қарсы келді. Біліңдер!
Сəмуд еліне рахмет (рақымшылық) жоламасын.
(Һуд сүресі, 66-68)
Олар таулардан берік үйлер үңгіп алатын еді. Сонда оларды да таңменен ащы дауыс қолға алды.
(Хижр сүресі, 82-83)
Сонда оларды апат қолға алды. Расында, бұнда ғибрат бар.
Олардың көбі сенбеген еді.
(Шұғара сүресі, 158)
Ал олардың айлакерліктерінің соңының не болғандығын бір көр. Оларды да, елдерін де тұтас жоқ еттік. Міне, олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері білген елге бір ғибрат.
(Нəміл сүресі, 51-52)
Олардың істеген еңбектерінің (мықты үйлерінің) өздеріне бір пайдасы болмады.
(Хижр сүресі, 84)
Бірақ, олар оны жасынға шығарып, түйені өлтіріп тастады. Ал сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп, жермен жексен қылды.
(Шəмс сүресі, 14)
Міне, олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері білген елге бір ғибрат. Иман келтіріп, сақтанғандарды құтқардық.
(Нəміл сүресі, 52-53)