Ад қауымының қасарысуы    

Ад қауымының қасарысуы  

Елінің қарсы болған тобы: «Əрине, біз сені есуас көреміз. Жəне сені анық өтірікшілерден деп ойлаймыз», – деді. «Ей, елім! Мен бір ақымақ емеспін. Бірақ, əлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін», – деді. «Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырамын. Əрі сендерге сенімді бір үгітшімін», «Раббыларың тарапынан өздеріңнен сендерге ескерту үшін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма? Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан кейін орынбасар қылып əрі тұлға жаратылысында да артық қылды. Ендеше, Алланың  нығметтерін  еске  алыңдар, əрине, құтыласыңдар».

 (Ағраф сүресі, 66-69)

«Ей,  халқым!  Раббыларыңнан   жарылқау  тілеңдер. Сонан   соң

Оған тəубе қылыңдар. Сендерге көктен жаңбыр жаудырып, қуаттарыңның үстіне қуат қоссын. Сондай-ақ күнəкар болып, жалтармаңдар» деді. Олар: «Ей, Һұд! Сен бізге ашық дəлел келтірмедің. Біздер сенің сөзің бойынша тəңірлерімізді тастамаймыз да, саған сенбейміз»,– деді. Олар: «Саған кейбір тəңірлеріміздің киесі тиген екен» деп қана айтамыз. Һұд (ғ.с.): «Расында, мен Алланы айғақ қыламын, сендер де айғақ болыңдар. Мен сендердің Аллаға қосқан серіктеріңнен аулақпын», – деді. «Маған Алладан басқа, бəрің мекерлік (қулықтарыңды) қылыңдар да, сонан кейін мұрса бермеңдер». «Расында, мен менің Раббым əрі сендердің Раббыларың Аллаға тəуекел еттім. Ол маңдайынан ұстамаған (толық меңгермеген) ешбір жандық жоқ. Күдіксіз, Раббым тура жолда». «Егер жалтарсаңдар да, мен шынында өзім арқылы жіберілген нұсқауды сендерге жалғастырдым. Раббым орындарыңа басқа елді əкелсе, сендер оған ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Шынында, Раббым əр нəрсені қорғаушы» (деді).

(Һуд сүресі, 52-57)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *