Нұх қауымының жойылуы: Кеменің жасалуы
Сонда оған: «Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса» деп уахи еттік. «Қашан əміріміз келіп, тандыр (-дан су) қайнаса, сонда əр жыныстан бір жұп жəне өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған ештеңе деме. Өйткені олар суға батуға тиісті» деп уахи еттік.
(Муминун сүресі, 27)
Сондай-ақ Нұхқа (ғ.с.): «Еліңнен иман келтіргеннен басқалары, əсте иман келтірмейді. Енді олардың істегендеріне кейіме» делінген түрде уахи етілді. Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса. Залымдар турасында маған айтпа! Өйткені, олар суға батырылады. Кемені жасап жатқанда елінің бастықтары жанынан өткен сайын оны тəлкек қылды. Нұх (ғ.с.) оларға: «Егер бізді мазақ қылсаңдар, біз де сендерді, бізді мазақ қылғандарыңдай келемеж етеміз» деді. Ал енді жедел білесіңдер: Қорлайтын азап кімге келер екен жəне тұрақты азап кімнің басына түседі екен?
(Һуд сүресі, 36-39)