Хз. Нұхтың қауымына берілмеуі

Хз. Нұхтың қауымына берілмеуі

Елінің қарсы келген бастықтары: «Біз сені өзіміз тəрізді ғана адам көреміз, саған тар көзқарасты қорларымыздан басқаның ергенін көрмейміз. Сондай-ақ сендердің бізге бір артықшылықтарыңды көрмейміз. Тіпті сендерді өтірікші деп ойлаймыз», – деді.  Нұх (ғ.с.): «Ей, елім! Көрдіңдер ме? Раббым тарапынан ашық бір дəлел үстінде болсам жəне Ол өз қасынан бір мəрхамет еткен болса, ал ол сендерге көрінбесе, сондай-ақ сендер оны жек көрсеңдер де, сендерге оны зорлап қабылдата аламыз ба?» – деді.  «Ей, елім! Сендерден мал сұрамаймын. Жалақым Аллаға ғана тəн. Сондай-ақ иман келтіргендерді қуалаушы емеспін. Өйткені, олар Раббыларына жолығушылар. Бірақ мен сендерді надан көремін», «Ей, елім! Егер мен оларды қуаласам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?» Мен сендерге: «Жанымда Алланың қазыналары бар демеймін де, көместі де білмеймін. Мен бір періштемін де демеймін. Сондайақ көздеріңе ілмейтіндерге: «Алла əсте жақсылық қылмайды» демеймін. Алла олардың ішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта мен залымдардан болармын» (деді.)

  (Һуд сүресі, 27-31)

Елінің бастықтары: «Əрине, біз сені ашық адасуда көреміз», – деді. «Ей, елім! Менде ешбір адасқандық жоқ. Бірақ, мен əлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін», – деді. «Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырып, сендерді үгіттеймін. Жəне Алладан сендер білмегенді білемін». Сақсынып, мəрхаметке бөленулерің үшін Раббыларың тарапынан, өздеріңнен сендерге ескертетін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма?

(Ағраф сүресі, 60-63)

Олар: «Ей,  Нұх! Егер тыйылмасаң, əрине, таспен  атқыланғандардан боласың», – деді.

(Шұғара сүресі, 116)

Сондай-ақ Нұхқа (ғ.с.): «Еліңнен иман келтіргеннен басқалары, əсте иман келтірмейді. Енді олардың істегендеріне кейіме» делінген түрде уахи етілді. Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса. Залымдар турасында маған айтпа! Өйткені, олар суға батырылады.

(Һуд сүресі, 36-37)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *