Хз. Адамның сынағы

Хз. Адамның сынағы

(Алла): «Ей, Адам! Сен жəне жұбайың жəннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда, осы ағашқа жоламаңдар. Сонда залымдардан боласыңдар», – деді.

(Ағраф сүресі, 19)

Жəне де: «Ей, Адам! Сен де, жұбайың да жəннатта тұрыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар.

Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік. (Бұл ағаш көбінесе бидай немесе жүзім ағашы делінген).

(Бақара сүресі, 35)

Сонда Адамға: «Күдіксіз, осы саған да, жұбайыңа да дұшпан. Екеуіңді жəннаттан шығарып жібермесін. Сонда машақат тартасыңдар», – дедік.  Күдіксіз, сен жəннатта аш-жалаңаш қалмайсың. Сондай-ақ онда шөлдемейсің де, күннің ыстығы өтпейді.

(Taha сүресі, 117-119)

Рас, бұрын Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді таппадық.

(Taha сүресі, 115)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *