Пайғамбарларға сабырды үгіттейтін аяттар

Пайғамбарларға сабырды үгіттейтін аяттар

Адамдарды Рабыңның жолында даналық жəне көркем үгіт арқылы шақыр. Əрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол тура жол тапқандарды да жақсы біледі. Егер дұшпанға жаза берсеңдер, өздеріңе істелген тəрізді ғана істеңдер. Егер сабыр қылсаңдар, əрине, Ол сабырлылар үшін қайырлы болады. (Мұхаммед ғ.с.) сабыр ет! Сабыр етуің Алланың ғана мəрхаметі. Оларға кейіме де, олардың істеген  мекерлеріне (қулықтарына) тарылма!

(Нахыл сүресі, 125-127)

(Мұхаммед ғ.с.) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя  жаздайсың.

(Кəһф сүресі, 6)

Егер Раббыңнан бекітілген сөз, белгіленген бір мерзім болмаса, əрине істері біткен болар еді. (Мұхаммед ғ.с.) сонда олардың айтқандарына сабыр ет. Күн шығудан бұрын да, батудан бұрын да Раббыңды мақтай пəкте. Кеш мезгілдерінде жəне күндіздің айналасында да пəкте. Мүмкін, ризалыққа бөленерсің.

(Taha сүресі, 129-130)

(Мұхаммед ғ.с.) олардың сөздері сені кейітпесін. Əрине, Біз олардың  көрнеулерін  де, көместерін де білеміз.

(Ясин сүресі, 76)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *