БАЛТАМТАП з а т. э т н. Ойын бас- таушы дөңгелене тізіліп тұрған бала- лардың бірін «Балтамды тап» деп түр- тіп қалады. Ол оған тиісті жауабын қайтарып, «Балтаңды мынау алды» деп екінші адамды түртеді. Осылайша ойын біреу сөзден жаңылғанша немесе реті ойынды алғаш бастаушыға жеткенше жалғаса береді (А. Нүсіпоқасұлы. Ағаш бесік., 4, 98). Б а л т а м т а п ойыны бала- ларды сергектікке, сезімталдыққа баулып, өзгелер өзіне орынсыз талап, өтірік жала жапқан жағдайда сасқалақтамай, қорықпай, табандылық танытуға дағдыландырады (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 4, 99). «Б а л т а м т а п» ойыны той-думан қызып, іргелі ойындар басталмай тұрып, зеріккенде ой- налады (Ойын-сауық, 177).