Əр қауымға пайғамбар жіберілді

Əр қауымға пайғамбар жіберілді

Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы (ескертуші) етіп жібердік. Негізінде, бір ескертуші  болмаған  бір үмбет жоқ.

(Фатыр сүресі, 24)

Əр қауымға өз тілінде сөйлейтін пайғамбар жіберілді

Əр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп, елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа адастырады да, кімді қаласа тура жолға салады. Ол өте үстем, аса дана. (Жетінші сүренің жүз елу сегізінші аяты бойынша, Мұхаммед (ғ.с.) бүкіл адам баласына Алла тарапынан елші екендігі даусыз. Араб тілінде түскен Құранның əр тілдегі аудармасы  уəкілдік  етеді).

(Ибраһим сүресі, 4)

Расында, сенен бұрында елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те кейбірін баян етпедік. Ешбір елші Алланың рұқсаты болмайынша бір мұғжиза келтіре алмайды. Қашан Алланың əмірі келсе, хақиқат бойынша үкім етіледі. Бұл жерде бұзақылар зиянға  ұшырайды.

(Ғафыр сүресі, 78)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *