ӘСЕМГҮЛ (Нуаlеа)

ӘСЕМГҮЛ (Нуаlеа) — күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда кәдімгі әсемгүл (H. pulchella) түрі кездеседі. Ол Торғай үстіртінде, Зайсан қазаншұңқырында, Маңғыстау түбегінде,Балқаш – Алакөл ойысында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда өседі. Биіктігі 70 – 80 см болады. Бұтақты келеді. Оған бүтін жиекті, ұзынша жапырақтары кезек орналасады. Қызғылт, кейде ақ түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жеміс береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *