Алла уақыт пен мүмкіндік беруші

Алла уақыт пен мүмкіндік беруші

(Мұхаммед ғ.с.) Алла залымдардың істегендерінен қаперсіз деп əсте ойлама! Шынында, Алла оларды көздер шарасынан шығатын бір  күнге  дейін  кешеулетеді.

  (Ибраһим сүресі, 42)

Алла адам баласын, олардың кесірлері себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жəндік қалмас еді. Бірақ, оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. Ал қашан олардың мерзімі келсе, олар оны бір сəтке кейіндете алмайды да, ілгерілете де алмайды.

(Нахыл сүресі, 61)

Қаншалаған кенттерге ол залым бола тұра мұрса беріп барып, сонан соң  қолға алдым. Əрине, барар жері де  Біз тарап.

(Хаж сүресі, 48)

Ал жəне сондай қарсы болғандар, негізінен, оларға мұрса беруімізді өздеріне қайырлы деп əсте ойламасын. Шын мəнінде, күнəларын арттырсын деп қана орай береміз. Сондай-ақ олар үшін қорлаушы қинау бар.

                     (Əли Имран      , 178)

Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды.

(Бақара сүресі, 15)

(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Кім адасқан болса, Алла оны мүлде созып қояды да, ақыры өздеріне уəде етілген азапты не қияметті көрген сəтте олар кімнің орны жаман екенін, сыбайластары əлсіз екенін біледі» де.

(Мəриəм сүресі, 75)

Тағы  да  оларға  мұрса  беремін. Əрине, шараларым  да  қатаң.

(Ағраф сүресі, 183)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *