Имансыздарға тұзақ құрушы

Имансыздарға тұзақ құрушы

Адам баласына бір зиян тигеннен кейін рахметімізді таттырсақ, сол уақытта олардың аяттарымызға байланысты айлакерліктері болады. (Мұхаммед ғ.с.): «Алла  жазаландыруда өте жылдам» де. Расында, елшілеріміз (періштелеріміз) істеген сығандықтарыңды жазады.

(Юныс сүресі, 21)

Олар  сондай  айлакерлік жасады. Біз де олар сезбеген  жерден шарасын көрдік.

                 (Нəміл                     , 50)

Олар түрлі мекерлік (қулық-сұмдық) істеді. Негізінде, олардың мекерліктері тіпті тауларды қозғалтатын болса да, мекерліктерін Алла  іске  асырмайды.

(Ибраһим сүресі, 46)

Олар  айлакерлік  істеді, Алла  да амалын тапты. Алла тəсілшілердің  жақсысы. (Яһудилер Ғисаны (ғ.с.) өлтіру үшін айлакерлік жасады. Алла амалын тауып, олардың біреуін Ғисаға (ғ.с.) ұқсатты. Олар соны өлтірді). 

(Əли Имран сүресі, 54)

(Мұхаммед ғ.с.) ойла! Бір  заманда олар сені қамауға не сені өлтіру ге  немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда, Алла шараларын бұзар еді. Алла  шара  көрушілердің  ең  жақсысы.

(Əнфəл сүресі, 30)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *