Тəңір есепке жылдам тартушы
Алланың қасында шынайы дін – Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мəлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз, Алла тез есеп көруші.
(Əли Имран сүресі, 19)
Одан кейін хақ иесі Аллаға ұсынылады. Сақ болыңдар, билік Оған тəн. Əрі Ол есепшілердің ең жүйрегі.
(Əнғам сүресі, 62)
Олардың жеріне келіп, əр тараптан кеміткенімізді көрмей ме? Үкімді Алла береді. Оның үкімін тойтарушы жоқ. Ол есепті тез көруші.
(Рағыд , 41)
Сондай қарсы болғандардың істері шөлдегі сағым сияқты. Шөлдеген кісі оны су деп ойлайды. Ақыры оған барған сəтте еш нəрсе таба алмайды. Жанында Алланы табады. Ол оның есебін толық көреді. Алланың есебі жылдам.