Тəңір кең Пейілді
Пайғамбарлары оларға: «Əрине, біз сендер құсаған адам баласымыз. Бірақ, Алла құлдарынан кімді қаласа, соны сыйлыққа бөлейді. Алладан бұйрықсыз біздің сендерге бір мұғжиза келтіруіміз мүмкін емес. Мүміндер Аллаға ғана тəуекел етсін», – деді.
(Ибраһим сүресі, 11)
Əрі сендерге Өзінен сұраған нəрселеріңнің бəрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында, адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз.
(Ибраһим сүресі, 34)
Алла құлдарын өте аяушы. Кімді қаласа, несібе береді. Ол өте күшті, тым үстем.
(Шура сүресі, 19)